Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстігінен қоныс аударғандардың баспанаға қатысты шағымынан кейін екі әкім орнынан босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударушылардың республикалық БАҚ-қа жолдаған шағымдарына жауап беріп, еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аудару бағдарламасы бойынша оларға арнап салынған тұрғын үй сапасының төмендігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылғаны хабарланды.


Мемлекеттің "7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламаларын қаржыландыруды тоқтатуы: "Қазақстанның орнықтылық қоры" түсініктеме жасады 


Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінен солтүстікке қоныс аударғандар журналистерге өздеріне ұсынылған баспананың сапасына шағымданған. Айтуларынша, үй маңында қоқыс тастайтын контейнер де болмаған. Су, дәретхана болмаған.

Осы ақпараттан соң Еңбек министрлігінің арнайы комиссия өкілдері оқиға болған жерге барып проблемаларды анықтаған.

Талқылау