Тоқаев Қазақстанның бас прокурорын қызметінен босатты
Ғизат Нұрдәулетов ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайы Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымынан босатылып, президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалсын”, – делінген хабарламада.
Бұрын бұл қызметті Әсет Исекешев атқарған болатын.
Ғизат Дәуренбекұлы еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған.
Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996-1997 жылдары қызмет атқарған.
1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департамент бастығы, тергеу департаменті бастығы лауазымында болды.
2016 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды.
2017 жылы шілде айынан бастап соңғы тағайындалуына дейін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
