AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке батыр бабаларымыздың Отанға қызмет етудің даңқты дәстүрлері мен бүгінгі ұрпақтар арасындағы терең байланысты білдіреді.

Отан қорғау – қасиетті парыз және жауапты миссия. Әскери антына адал, нағыз патриоттарды халқымыз қашанда ерекше қастер тұтқан.

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде әскер Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттігіміздің мызғымас тірегіне айналды.

Қорғаныс әлеуетін нығайту, әскери қызметкерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және оларды жан-жақты қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты қорғап, Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын қорғап жүрген сарбаздар мен командирлерге алғысымды білдіремін.

Біздің ержүрек жауынгерлеріміз халық сенімін ақтайтынына сенімдімін! Барлық азаматтарға бақ-береке және табыс тілеймін!" –  деді президент Ақордадағы құттықтауында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр