AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл датаны ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам деп атады.  

“Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз.  Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.

Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да  ұйымдастырылған”, – деді ол өз сөзінде. 

Тоқаев сондай-ақ, "Балалар жылы" аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынғанын атап өтті.

Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі  еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады”, – деді ол.    

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр