Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық үш ЖОО енді жасанды интеллект бойынша кадр даярлаумен айналысады

Астанада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс екенін мәлімдеді. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарына жасанды интеллект саласы бойынша кадр даярлауды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін.Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек”, – деді ол.

Білікті мамандар даярлау қажеттілігін айта келе ол кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы қажет екенін баса айтты.

“Еліміз есептеу қуаттарын жаһандық тұтынушыларға сататын орынға айнала алады. Сондықтан ірі мәлімет орталықтарын салуға инвестиция тарту үшін түрлі жеңілдіктерді де қамти отырып, барынша қолайлы жағдай жасау керек. Сондай-ақ мәліметті сақтау және өңдеу саласында Қазақстанның мүддесін ілгерілету қажет. Цифрландыру ісінде басшылыққа алынатын қағидаттарды заң жүзінде бекітетін кез келді. Үкіметтен, сарапшылар қауымынан, gарламент депутаттарынан біртұтас салалық құжат әзірлеу мәселесімен айналысуды сұраймын", – деді президент.

Талқылау