AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қазақстандық әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құттықтау тілегі Akorda.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қымбатты ханымдар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау шуақты көктем мерекесі әсемдік пен әдеміліктің, мейірім мен махаббаттың символына айналды. 

Президент Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтауда, мәдениет пен спортта, өндірісте және құқық қорғау саласында өз орнын табатын әйелдердің өзін-өзі танытуы үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

“Халқымыздың "Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді" деген нақыл сөзінің терең мән-маңызы бар. Қазақстанда әйелдерге барлық жағдай жасалған. Олар білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт, өндіріс пен құқық қорғау және басқа да салаларда табысты еңбек етуде” – деді ол өз сөзінде.

Тоқаев мемлекеттік органдар мен ірі компанияларда басшылық қызмет атқаратын немесе бизнес саласында кәсібін өркендетіп жүрген әйелдердің аз емес екенін атап өтті.

“Қыз-келіншектер еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысуда. Өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісінде әйелдер айрықша рөл атқарады. Асыл аналардың еңбегі қандай құрметке де лайық. Кез-келген істе әйелдердің кәсіби біліктілігі пен жауапкершілігі айқын аңғарылады.

Олар барлық ортада үндестік пен үйлесімді, өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға ұйытқы болады. Біздің еліміз саяси өзгерістер мен жүйелі жаңғыру кезеңіне қадам басты. Осы орайда, әйелдер қауымының жасампаздық қасиеті мен күш-қуаты Жаңа Қазақстанның ілгерілеуіне септігін тигізеді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!”, – деді Тоқаев.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр