Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанда бала асырап алушыларға қойылатын талапты күшейтетін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балабақшаларды лицензиялау және жетім балаларды жақын туыстарына беру туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik

Тоқаев  "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Құжатта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жақын туыстарының отбасыларына беру қарастырылған. Бұрын олар балалар үйіне жіберілетін. Жақын туыстар деп баланың атасы мен әжесі, әкесінің немесе анасының аға-інілері мен әпкелері саналады.

Сондай-ақ жекеменшік мектеп оқушылары әкімдіктерден әлеуметтік көмек ала алады. Қазір мемлекеттік мектептерде оқитын әлеуметтік осал санаттағы 500 мыңнан астам балаға киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алуға,  азық-түлікке төлем жасауға көмек көрсетіледі.

Ал 25 мыңнан астам мұқтаж жеке мектеп оқушысы әлеуметтік көмек ала алмайды. Сонымен бірге 2027 жылдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызмет көрсететін ұйымдар лицензия алуға тиіс. Қазақстандық колледждерде онлайн оқыту және академиялық ұтқырлық принципі енгізіледі.

Талқылау