Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қатты жер дүмпуіне байланысты Мьянма мен Таиланд премьер-министрлеріне көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатты жер сілкінісіне байланысты Мьянма мен Таиланд премьер-министрлеріне көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев 29 наурызда Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнгке көңіл айту жеделхатын жолдады. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адам қаза тапқаны туралы хабарды қатты өкінішпен қабылдады", – делінген баспасөз хабарламасында.

Мемлекет басшысы Мин Аун Хлайнге және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуін тіледі.



Одан соң президент Таиланд басшысы Пхэтхонгтхан Чинаватқа көңіл айту жеделхатын жолдады.  Әрі жер сілкінісі кезінде қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуін тіледі.

Еске салайық, Оңтүстік-Шығыс Азияда екі күшті жер сілкінісі болды. Соның салдарынан Бангкокта салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлады. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Мьянмада тіркелді. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр. Әлеуметтік желіде кран орнатылған биік ғимараттың құлап, үлкен шаң бұлты көтерілгені, ал адамдардың айқайлап, жан-жаққа қаша бастағаны көрсетілген видеолар тарады.

Талқылау