Тоқаев: Кәсіпкерлер жұмысына заңсыз араласу - мемлекетке жасалған қылмыс
Тоқаев келесі жылдың барысында шағын және орта кәсіптің жаңа нормативті-құқықтық базасын заңнамасын жасауды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекеттік құрылымдардың кәсіптің, бизнесмендер жұмысына ісіне заңсыз араласу қылмыс деп бағаланады. Кәсіпкерлер шенеуніктердің өзіне жасалған заңсыз құқықбұзушылықтары болса, міндетті түрде прокуратура органдарына хабарлауы керек. Кәсіпкерлікті қолдау шағын бизнесті қолдау дегенді де білдіреді. Мұндай компаниялар ішкі және сыртқы нарыққа мән беруі керек", - деді Тоқаев.
Ол шағын және орта кәсіп пандемияның негізгі соққысына ұшырағанын атап өтті.
"Жағымсыз экономикалық салдарларды еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер берілді, төлемдер кейінге қалдырылды, жеңілдікті шарттармен кредиттерді қайта қаржыландыруға мүмкіндік берілді. Алайда жағдай әлі де күрделі болып отыр", - деді Президент.
Президент Ұлттық банк зардап шеккен секторларда шағын және орта кәсіп үшін айналым қаражатын толықтырудың арнайы бағдарламасын жүзеге асыратынын еске салды.
"Бұған дейін ол осы жылы өз жұмысын аяқтайды деп болжанған болатын. Ағымдағы дағдарыс жағдайында осы бағдарламаның қолданылуын 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды, сондай ақ оны қамтуды кеңейтуді тапсырамын. Осы мақсаттарға бағдарламаның жалпы көлемін 800 миллиард теңгеге жеткізе отырып, қосымша 200 миллиард теңгеге жеткізу керек", - деп тапсырды мемлекет басшысы.
Сондай ақ, кәсіпкерлерге басқа да қолдау шаралары көрсетілмек. Тоқаев қазіргі жағдайда жұмыспен қамту мен халықтың табысын сақтау – негізгі басымдық екенін атап өтті.
"Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік нысандары бойынша ШОБ үшін жалдау ақысын есептеуді тоқтата тұруды тапсырамын. Бұл уақытта ең көп зардап шеккен салалардағы кәсіп үшін еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайту маңызды. Бизнестің осы санатында жыл соңына дейін бюджеттен тыс қорларға еңбекақы төлеуден аударымдарды алып тастауды тапсырамын", - деді Тоқаев.
Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
