Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін құптады – Ақорда

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкианның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы мәлімдемесін құптағаны жайлы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің айтуынша, бұл шешім Таяу Шығыстағы шиеленісті азайтуға бағытталған маңызды қадам.
“Қазақстан президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің Уақытша басшылық кеңесі көрші мемлекеттердің аумағынан шабуыл жасалмаған жағдайда Иран да оларға соққы бермейтінін мәлімдеген.
Сонымен қатар ол "қарсы тараптың Иранды тізе бүктіру туралы арманы орындалмайтынын" айтты.
Ал Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев әлеуметтік желідегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді. Ол Қазақстан президентінің Иран тарапынан Нахичеваньға жасалған соққыны айыптап, Әзірбайжанды қолдағанын атап өтті.
Айта кетейік, 5 наурызда Ираннан ұшырылған дрондар Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына құлаған. Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, әуежай ғимараты зақымданып, бірнеше бейбіт тұрғын зардап шеккен.
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: 4700-ден астам қазақстандық елге эвакуацияланды
- Иран президенті көрші мемлекеттерге жасаған шабуылдар үшін кешірім сұрады
Еске салайық, бұған дейін желілерде тараған видеоларда ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаннан кейін жарылыс болып, қою түтін шыққаны көрінеді. Оқиғаға байланысты жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды. Сарапшылардың айтуынша, Дубай әуежайының жұмысы тоқтаған әр минут шамамен 1 миллион доллар шығын әкеледі.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты