Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертке барды

Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған концертті жұртшылықпен бірге тамашалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Астана Опера” театрының сахнасында Қазақстанның танымал мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Ақорданың баспасөз қызметі концертте түсірілген фотосуреттерді жариялады.

Концертте өнер көрсеткен жұлдыздардың қатарында Димаш Құдайберген де болды.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада қазақстандық бір топ әйелді марапаттаған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 06 Наурыз, 2026 22:51