Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев елордаға не себепті жаңа әкім тағайындағанын түсіндірді

Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық мәслихатының кезектен тыс мәжілісінде елорда әкімі лауазымына Алтай Көлгіновтің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар мемлекет басшысының ұсынысын қолдады.

Тоқаев елордаға не себепті жаңа әкім тағайындағанын түсіндірді

Мемлекет басшысы қала активтерімен кездесу барысында бұрынғы әкім Бақыт Сұлтановтың қызметіне жоғары баға берді.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының экс-әкімі Алтай Көлгінов бүгін, 13 маусымда, Нұр-Сұлтанның әкімі болып тағайындалды.

"Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес Бақыт Сұлтановты қала әкімі қызметінен босату туралы шешім қабылдадым. Ең алдымен Бақыт Тұрлыханұлына өз міндеттерін адал орындағаны үшін және сенімді толықтай атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қала басшысының маңызды міндеттері бар екенін атап өтті.

"Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан әкімі болып тағайындалды. Ол жоғары білікті, ұйымдастыру қабілеті бар, жас маман. БҚО-да әкім қызметін атқарып, тұрғындардың көңілінен шықты. Сондықтан оны Нұр-Сұлтанның әкімі етіп тағайындау туралы шешім қабылдадым", - деп атап көрсетті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде айтты.

"Азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға назар аудару керек. Алдағы күндерде халықтың әлеуметтік проблемаларын шешу үшін маңызды шешімдер қабылданатын болады. Елорда әлеуметтік мәселелерді шешуде көшбасшылардың бірі болуға тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Кездесу соңында президент жаңа әкімге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр