Тоқаев еліміздің армиясына қойылатын басты талапты айтты
Жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйекте "Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығуларына қатысып, әскери қызметшілер алдында сөз сөйледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бөлімшелердің дайындық деңгейін жоғары бағалады.
Президент күрделі геосаяси жағдайда осындай әскери оқу-жаттығуларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
"Бүгінде әлемдік қорғаныс жүйесінде ауқымды өзгерістер орын алуда. Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің заманауи әдістері, әсіресе соғыстардың гибридті түрлері кеңінен таралуда. Шабуылдар тек әскери емес, сонымен қатар ақпараттық, психологиялық, саяси, экономикалық және басқа сипатта болуы мүмкін. Сондықтан Қазақстанның Қарулы Күштері кез келген сын-тегеуріндерге дайын болуы тиіс. Бұл – қазіргі заманғы кәсіби армия үшін басты талап. Еліміздің, жеріміздің және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғау – біздің ортақ борышымыз", – деді ел басшысы.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн