Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев елімізде пәтерді жалға беру нарығын реттеуді тапсырды

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өтті. Жиында президент пәтерді жалға беру нарығын реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев елімізде пәтерді жалға беру нарығын реттеуді тапсырды

Жиын барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жоспарланған меженің орындалуы, қаржы-несиелік саясатты жүзеге асыру, атаулы әлеуметтік көмек реформасы, әлеуметтік даму және жұмыспен қамту мәселелері қаралды. 

Кеңес барысында мемлекет басшысы бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ.

«Әрбір қазақстандық азамат баспананы сатып немесе жалға алу перспективасын, оны сатып алу шарттарын анық түсінуі керек. Ол үшін тұрғын үйдің қолжетімділік өлшемдерін анықтап, құрылыстың өзіндік құнын жүйелі түрде төмендетіп, көппәтерлі және жеке баспананың аражігін ажыратып, пәтерді жалға беру нарығын реттеу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар президент негізгі басымдықтар мен қабылданған шешімдер өз дәрежесінде іске асса, экономикалық өсімнің қарқыны мен сапасын арттыруға, сонымен қатар, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.

Талқылау