Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Назарбаевпен кездесті

Бүгін 27 тамызда «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті деп хабарлайды елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі ресми аккаунтында.

Елбасы баспасөз хатшысының хабарлауынша, партия жетекшісі мен мемлекет басшысы партияның саяси кеңесі бюросының ертең, 28 тамызда өтетін күн тәртібін талқылады.

Талқылаудың тағы бір тақырыбы партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі тармақтары болды.

«Әңгіме барысында елбасы және мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңде елдің одан әрі дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады», - деп жазды Үкібай.

Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесті. Олар сенаттың алдағы сессияға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Айта кету керек, бүгін елбасыға «Ядролық сынақтан азат әлем үшін чемпион» мәртебесі берілді - бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында белгілі болды.

Осы уақытта мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты. Іс-шара онлайн режимінде өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр