AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ел дамуына үлес қосқан ғалымдарды наградалармен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және ғылыми қызметке сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар азамат наградталды:

I дәрежелі "Барыс" орденімен

Жұрынов Мұрат – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ президенті;

IІІ дәрежелі "Барыс" орденімен

Әбділдин Жабайхан – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі

Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі

Кішібеков Досмұхамед – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі;

"Парасат" орденімен

Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы – "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ орталығының директоры

Блиев Назарбай – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі

Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы" РМК бас директоры

Күрскеев Әбдірахман Козлоевич – Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" РМК бас ғылыми қызметкері

Пак Иван Тимофеевич – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ шетелдік мүшесі

Сманов Бақтияр Өрісбайұлы – "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті" КеАҚ профессоры

Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі;

"Құрмет" орденімен

Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы – "А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты" АҚ бас ғылыми хатшысы

Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы – "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры

Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – "Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КеАҚ ректоры

Косов Владимир Николаевич – "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КеАҚ кафедра меңгерушісі

Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" РМК директоры

Медеу Ахметқал – "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ басқарма төрағасы

Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы – "Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ профессоры

Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы – Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық биотехнология орталығы" РМК бас директоры

Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы – "С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ кафедра меңгерушісі

Төлешов Амандық Қуатұлы – Білім және ғылым министрлігінің "Академик Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты" РМК бас директоры;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

Дәулетов Асқар Ербұланұлы – "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ деканы.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр