AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ЕАЭО-дағы қауіпті қалдықтарды тасымалдау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті қалдықтарды ЕАЭО кедендік аумағы арқылы трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тоқаев

"Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сенат сайтының хабарлауынша, келісім өзара сауда барысында ЕАЭО кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға байланысты қатынастарды реттеуге бағытталған.

"Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы қауіпті қалдықтарды тасымалдаудың бірыңғай тәртібін анықтайды. Сондай-ақ ол осындай тасымалдау кезінде шығарылған қорытындылар мен анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат алмасудың құқықтық негізін құрайды. Болашақта бұл заң күшіне енеді деп сенеміз. қалдықтарды экологиялық таза кәдеге жарату мен өңдеуді, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына жол бермеуді қамтамасыз етеді", - деді 10 наурызда палата спикері Мәулен Әшімбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр