Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Дінішевке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев опера әншісі Әлібек Дінішевке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", – делінген жарлықта.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дінішев Әлібек Мұсаұлы 1951 жылы 31 шілдеде Алматыда дүниеге келген. 

1976 жылдан бастап Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының әншісі болып қызмет атқарады.

1977 жылы Цвиккау қаласында өткен халықаралық байқауға қатысып, 2 жүлдеге ие болып, лауреат аттанады.

1978 жылы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі болады.

1979 жылы Рио-де-Жанейрода өткен халықаралық вокал байқауына қатысып, лауреат атанады. Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығына ие болады.

Әлібек Дінішев камералық бағдарлармалармен Еуропаның ірі концерттік залдарында өнер көрсетіп, үлкен театр қойылымдарына қатысты.

1997 жылы әнші "Әлібек Дінішев атындағы вокал академиясын" ашты.


Талқылау