Тоқаев дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе арттыруды тапсырды
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі дәрігерлердің жалақысын біртіндеп арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкіметке осы жылдан бастап ақ халаттылардың еңбекақысын көтеруді тапсырамын. Олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан екі жарым есе көп болуы тиіс", - деді Тоқаев.
Президенттің сөзінше, бұл көрсеткішке 2023 жылға дейін қол жеткізілуі міндетті.
Сондай-ақ ол коронавирус пандемиясы кезінде кәсіби дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалғанын атап өтті. Бұған себеп жалақы аздығы, мамандықтың лауазымды саналмайтыны және медициналық қызметкерлердің құқықтары қорғалмағандығы деп көрсетті Тоқаев.
Атап кетерлік жайт, 2020 жылдың сәуір айында еліміздегі орташа жалақы көлемі 195 935 теңгені құрапты.
Бұған дейін мемлекет басшысы ЖОО оқытушыларының жалақысы мен докторанттардың шәкірақысын көтеру керек екенін мәлімдеген еді.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік