AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев цифрландыруға жауапты шенеуніктерді сынға алды

Президент цифрландыру ісіне жауапты вице-министрлер жұмысының нәтижелілігін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, олардың басты міндеті –күнделікті бюрократиялық жұмыс емес, цифрлық реформалар мен өзгерістерді жүзеге асыру.

Осыған байланысты президент жыл соңына дейін цифрландыруға жауапты әрбір вице-министр үшін нақты KPI әзірлеуді талап етті және премьер-министрге олардың қызметіне қатысты ұстанымды қайта қарауды, кадрлық құрамына баға беруді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бизнес-қоғамдастық атсалыспай, жалпымемлекеттік "цифрлық секіріс" жасау мүмкін емес, ал компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі олардың цифрландырылу деңгейімен анықталады.

"Siemens" компаниясының бағалауы бойынша, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың 80 пайызында автоматтандыру деңгейі өте төмен, яғни Индустрия 2.0 деңгейінде. Естеріңізге сала кетейін, біз индустрия 4.0 дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл – аса ауқымды мәселе. Оның талаптарына тұжырымдамалық жағынан да, практикалық тұрғыдан да нақты әрі лайықты жауап беру керек. Цифрлық шешімдерді қолдаудың тиімді құралдарын, ең алдымен, өңдеу секторында кеңейту керек, – деді мемлекет басшысы.

Президент отандық IT индустриясының бәсекеге қабілеттілігіне арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл саладағы барлық отандық бизнес ішкі нарыққа, көп жағдайда, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың сұранымдарына жауап беруге бағытталған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр