Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысына баға берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы 2020 жылы жасалған жұмыстары туралы есеп берді.

Алик Шпекбаев мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылуы және елдің Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі ілгерілеуі туралы хабардар етті. Агенттік төрағасының айтуынша, жүргізіліп жатқан саяси жаңғырту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың арқасында Қазақстан бұл рейтингте алғаш рет 38 ұпай жинап, 19 позицияға көтерілді. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің 95,6 миллиард теңгені құраған зиянды өтеу және қисынсыз шығындардың алдын алу жөніндегі жұмысының экономикалық тиімділігін оң бағалады, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 5 пайызға төмендегенін атап өтті. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді сапалы жүзеге асыру қажеттілігі мен салалық заңнаманы ЭЫДҰ мен ГРЕКО стандарттарына сәйкес жаңғыртуды жалғастыру қажеттілігіне, оның ішінде шенеуніктердің шығыстары мен кірістері үшін жауапкершілікті енгізу мәселесіне назар аударды", - делінген хабарламада.

Қорытындылай келе, президент агенттікке жазаның бұлтартпас қағидасын мызғымастай сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Азаматтық қоғаммен сындарлы өзара әрекеттесу кезінде профилактикалық жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 28 Қаңтар, 2021 15:16
Талқылау