Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев бірнеше облыс әкімдеріне өңірдегі жылу және су мәселесін тез арада шешуді тапсырды

Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев

Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті.

Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтылды.

“Еліміздегі тозығы жеткен энергетикалық инфрақұрылымдағы бұзылу жағдайларын қоспағанда, жалпы ахуал бақылауда. Апаттық жағдайларға жол бермеу шаралары қабылданып жатыр”, – деп мәлімдеді ел басшысы.

Президент үкіметке және облыс әкімдеріне берілген тапсырмаларды орындауды талап етті.

Талқылау