Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Моңғолиядағы, Шри-Ланка Демократиялық социалистік республикасындағы және Швеция корольдігіндегі елшілер тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда / Алмас Сейтақынов пен Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов
Ақорданың мәліметіне сенсек, мемлекет басшысының жарлығымен Алмас Сейтақынов Қазақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
"Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық социалистік республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды", – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Алмас Сейтақынов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін аяқтаған.
- 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
- 2008-2009 жылдары Қазақстанның Азия және Африка департаментінің атташесі;
- 2009-2014 жылдары Қытай халық республикасындағы елшілігінің атташесі, III хатшысы;
- 2014-2015 жылдары Азия және Африка департаментінің III хатшысы;
- 2015-2019 жылдары Қытай халық республикасындағы Шанхай қаласындағы Бас консулдығының III хатшысы, II хатшысы;
- 2019-2020 жылдары Қазақстанның Консулдық қызмет департаментінің Таяу Шығыс, Азия және Африка басқармасының басшысы;
- 2020-2022 жылдары Қазақстанның Азия-Тынық Мұхиты өңірі департаменті Қытай халық республикасы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
- Ал 2022 жылдың тамыз айынан бастап Қытай халық республикасындағы Сянган (Гонконг) және Аомэнь (Макао) арнайы әкімшілік аудандарында Қазақстан Республикасының Бас консулы қызметін атқарған.
Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов 1980 жылғы 2 шілдеде Павлодарда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін аяқтаған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде магистр дәрежесін алған. Дипломат мансабын 2002 жылы сыртқы істер министрлігінде бастаған.
- 2008 жылдан бастап парламент сенаты пппараты басшысының көмекшісі қызметін атқарған, ал 2011 жылдан бастап сенат аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімі басты кеңесшісі болған.
- 2012 жылдан бастап президент әкімшілігі жанындағы стратегиялық әзірлемелер мен талдау орталығының кеңесшісі, 2013 жылдан бастап президент әкімшілігінің сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгеруші орынбасары қызметтерін атқарған.
- 2015 жылдан бастап Испаниядағы Қазақстан елшілігінде кеңесші және кеңесші-елші лауазымдарында жұмыс істеген.
- 2020 жылдан бастап сыртқы істер министрлігінде Америка департаменті директорының орынбасары, кейінірек Еуропа департаментінің директоры болып қызмет атқарған.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Кәлетаевты Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатып, орнына Төлежан Барлыбаевты тағайындады.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
