Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңға пікір білдірді

Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге Конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

"Бүгінгі отырысқа дейін атқарылған жұмыстың нақты нәтижесі бар. Бірер күн бұрын мен Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" жаңа заңға қол қойдым. Бұл құжаттың басты ерекшелігі - бұдан бұлай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес. Оны алдын ала ескертіп, өткізуге болады", - деді мемлекет басшысы.

ҚР президенті бұл заң қоғамдық-саяси қатынастарды демократиялық жолмен одан ары дамытуға зор үлес қосады деп ойлайтындығын баса айтты.

"Депутаттарға заң жобасын егжей-тегжейлі қарастырғаны үшін алғыс айтамын. Бірлесе атқарылған жұмыстың мән-маңызы зор. Жаңа заң - азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге Конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр. Кезекті отырыс адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр