Тоқаев: Басты қауіп-қатерлер әлі алда
Мемлекет басшысы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің жақсаруы үшін не қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елді нығайту үшін бар күш-жігерді жұмсау керек. Сонда өмір сапасы артады.
«Атақты француз ойшылы Жан-Жак Руссо «Күшті мемлекет қана өз азаматтарының бостандығын қамтамасыз ете алады» деп айтқан болатын. Халқымыздың өмір сүру сапасын жақсарту үшін біз Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыруымыз керек. Сонымен бірге «Мықты президент - ықпалды парламент - бұл есеп беретін үкімет» формуласын қатаң ұстануымыз керек», - деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев біз әрдайым қиындықтарды жеңуге дайын болуымыз керек деді.
«Әлемде әртүрлі тенденциялар қалыптасуда. Басты қауіп-қатерлер алда, сондықтан біз қырағы бола отырып, қиындықтарды еңсеруге әрқашан дайын болуымыз керек», - деді Тоқаев.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”