Тоқаев Атырау облысындағы экология мәселесін қолға алуды тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының экологиясы туралы айтып, шенеуніктерге аймақтағы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Тоқаев Атыраудың Қазақстандағы ауаның ластану деңгейі жоғары қалалар тізіміне тұрақты түрде енетіндігін баса айтты.
"Азаматтардың өмір сүру сапасы мен денсаулығы экологиялық ахуалға тікелей байланысты екені белгілі. Бұл тарапта Атырау облысы мақтанарлық жағдайда емес. Былтырдың өзінде өңірде ауаны ластаған 160 жағдай тіркеліпті", - дейді Тоқаев.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы экологиялық тиімділікті арттыратын бағдарламаны қолға алуды тапсырды.
"Біз озық халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа экологиялық кодекс қабылдадық. Экологиялық тиімділікті арттыратын бағдарламаларды қолға алған кәсіпорындар қалдық шығарғаны үшін төленетін ақыдан босатылады. Бұл саладағы қолжетімді технологияның ең таңдаулысы мұнай-газ кәсіпорындарына енгізілуі керек. Үкімет өңірдегі қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, бұл мәселені мұқият бақылауға алсын", - деді президент.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
