Тоқаев әнші Роза Бағланованың есімін мәңгі есте қалдыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың есімін мәңгі есте қалдыруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы. Майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым", - деп жазды Twitter-дегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қазалыда (Қызылорда облысы) дүниеге келді, 2011 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. Кеңестік, қазақ опера және эстрада әншісі (сопрано).

Эстрада жұлдызы Роза Бағланова бүкіл дәуірдің ұлттық символы деп аталды. Соғыс жылдарында тон мен құлақшын киіп, сарбаздардың рухын қолдау үшін майдандағы концерттерде 18-20 ән шырқады.

"Қазақстанның Халық қаһарманы" атағының, "Германияны жеңгені үшін" медалінің және т.б иегері. Оны Кеңес Одағында "кішкентай қазақ қызы" деп атап кеткен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр