"Пайдакүнемдер үшін нағыз "майшелпекке" айналды": Тоқаев "Алтын орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында орналасқан "Алтын орда" базарына тәртіпке келтіру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сауда-саттықта делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 миллион адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекен тұрғындары тұтыну тауарларын көбіне "Алтын орда" базарынан алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз "майшелпекке" айналған", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент басқа аймақтардағы базарларды да делдалдардан тазарту қажеттігін жеткізді.
"Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары атсалыссын. Екі ай уақыт беремін", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн