Тоқаев "әлемдік өркениет көшінен қалмау" үшін не істеу керегін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым өкілдерін қол жеткізген нәтижелерде тоқтап қалмай, әлемдік бәсекелестік күшейген кезеңде жаңа мақсаттар үшін жұмысты күшейтуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыдағы ғылым өкілдерімен кездесуінде мемлекет басшысы қол жеткізген нәтижелерге тоқмейілсіп, көрсеткіштермен мақтанбай, керісінше, жаңа мақсаттарға жету үшін тынымсыз еңбек етуіміз қажетігін айтты.
“Әлемдік бәсеке күшейген кезеңде біз әрдайым жеңімпаз болуымыз керек. Қазақ халқы қандай жағдай болса да, өркениет көшінен қалмауға тиіс. Тарихымызда қилы қасіретті бастан өткердік. Осы бақ-қуатты өмірге жету үшін талай зобалаңды көрдік. Өркениет бізге өздігінен келмейді. Оны өздеріңіз де түсінетін шығарсыздар. Оған қол жеткізу үшін қоғам жұдырықтай жұмылып, күш біріктіруі қажет. Ғалымдар, технологтар, кәсіпкерлер, білімді азаматтар, тіпті, студенттер де ортақ іске атсалысқаны жөн”, – деді Тоқаев.
Сондай-ақ президент адам капиталының сапасын арттыру мәселесіне баса назар аударды.
“Еліміздің ғылыми және академиялық қауымдастығының барлық өкіліне қарата айтқым келеді. Қазақстанның ертеңі қандай болады, қаншалықты жаңашыл әрі озық елге айнала аламыз? Бұл сіздердің идеяларыңызға, зерттеулеріңізге, жұмыстарыңыздың нәтижесіне, ашқан жаңалықтарыңызға тікелей байланысты. Баршамыз күш жұмылдыра отырып, Қазақстанды Еуразиядағы жетекші ғылыми және технологиялық орталыққа айналдыра алатынымызға сенемін”, – деді президент.
Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның келешекте қандай ел болуы керек екеніне де тоқталды.
“Келер ұрпақ біздің кейбір кемшіліктерімізге көз жұма қарайтын шығар. Бірақ олар Қазақстанды Әділетті, Қуатты мемлекетке айналдыратын, заң мен тәртіп, тазалық, табиғатты аялау, білім және ғылым салтанат құратын мүмкіндікті мүлт жібергенімізді ешқашан кешірмейді. Қазақстан осындай ел болуы керек. Біздің түпкі мақсатымыз – осы”, – деді президент.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі