Тоқаев Алакөл маңындағы демалыс орындарын ретке келтіруді тапсырды

Фото: Inju-alakol.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл маңындағы туристік аймақтардың жағдайын дұрыстауды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев Алакөл маңындағы туристік аймаққа қатысты халықтан келіп түскен көптеген шағымға мән берді. Ол демалушыларды қарсы алуға дайындық төмен екенін айтып, үкіметтің назарын аударды. Президенттің сөзінше, қажет туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайық деңгейде қамтамасыз етілмеген.
Алакөлге дельтаплан құлап кетті: Зардап шеккендер бар (видео)
Ол үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Еске салсақ, Алакөл жағасында демалушылар қауіпсіздік мәселесін айтып, дабыл қаққан еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"