Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев АҚШ елшісін қабылдады

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

“Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды. Елші президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты”, – делінген хабарламада. 

Тоқаев Трамптың Гренландияны әскери жолмен басып алу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Сондай-ақ АҚШ елшісі Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірген.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдумды 2026 жылдың 15 наурызында өткiзу туралы жарлыққа қол қойған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 13 Ақпан, 2026 22:22