Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық жол беруге болмайтын деңгейге жетті - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық едәуір ажырап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының айтуынша, қаңтардағы оқиғалар жылдар бойы жинақталған проблемаларды ашты.

"Алдымызда барлық әлеуметтік құрылымды өзгертуге стратегиялық міндет тұр. Бізге Қазақстан азаматтарының мүддесіне сай келетін реформалар қажет, ел өзгерді және азаматтарымыздың экономикалық жүйеге және жалпы өмірге деген көзқарасы өзгерді.

Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық жол беруге болмайтын деңгейге жетті. Сыбайлас жемқорлық фонында, өздеріңіз жақсы білесіз, кәсіпкерлер жақсы біледі, табыстардың мұндай стратификациясы оқ-дәрі толы бөшкеге жағылған сіріңке рөлін атқарды. Оны террористер, содырлар және олардың артында тұрған келіссөзшілер пайдаланды", – деді Тоқаев Нұр-Сұлтандағы бизнес өкілдерімен кездесу кезінде.

Президенттің айтуынша, жарияланған әлеуметтік-экономикалық күн тәртібі мен нақты жағдай арасындағы келіспеушілік сынға ұшырады. 

"Дәл осы себепті біз экономикалық саясатты қайта жүктеу бойынша бірлескен жұмысқа шұғыл кірісуіміз керек. Ойынның жаңа ережесін анықтау қажет: адал, ашық, әділ. Мұны қалай дұрыс жасау керектігін, қандай құралдарды қолдану керектігін ойластыру қажет. Елімізде шектеулі элита топтары экономикалық өсуден ұта бастады, ал көпшіліктің табысы азайды", –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талқылау