Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев балабақшада балаларға күш қолданғандар туралы айтып берді

Тоқаев балабақшада балаларға күш қолданғандар туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев балабақшада балаларға күш қолданғандар туралы айтып берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң тұрғысынан балалардың, мектептер мен шағын мекемелердегі қауіпсіздігін қадағалауды тапсырды. Ол балабақшаларда болып жатқан балаларға күш көрсету оқиғасын тілге тиек етіп, білім стандарттарына сай жұмыс істеу керек екенін жеткізген. 

"Мемлекеттік емес шағын мекемелерде оқу және тәрбие беру жұмыстары мүлдем жоқ. Тәрбиешілер мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына үнемі бағына бермейді. БАҚ арқылы біз балаларға күш көрсетіліп, олардың жағдайлары жасалмай жатқанын көріп отырмыз", - дейді мемлекет басшысы.

Мұндай оқиғалардың алдын алуды тапсырған мемлекет басшысы білім берудің жоғарғы деңгейде болуы шарт екенін жеткізген. 

"Үкіметке шара қолдануға тапсырма бере отырып, бұл мәселенің заң жүзінде қаралуын тапсырамын. Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау керек", - дейді Қасым-Жомар Тоқаев. 

Талқылау