"Тоғыз жыл болды": Жігер Ауыпбаев елден жасырған келіншегі туралы айтып берді
Жігер Ауыпбаев елден жасырған келіншегі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Өнер мен өмір" бағдарламасына сілтеме жасап.
Сұхбат бергенде отбасым жоқ немесе ажырасқанмын деп жеке өмірі жайлы сұрақтан қашқақтайтын Жігер Ауыпбаев осы жолы отбасы, тіпті балалары бар екенін айтып берді. Өнер иесінің әйелінің өзі өнердің өмірімізге қатысты болғанын қаламаймын деп айтатын сыңайлы.
"Отбасым бар. 2010 жылы отбасын құрдым. 9 жыл болыпты ғой. Ол кісі өзін-өзі қатты жарнамалап, айтқысы келмейді. Көбіне мені ойлайды. Бұрындары өзі шетелдің әншілерінің тыңдарманы болған. Сондықтан ол мені өте жақсы түсінеді", - дейді Жігер Ауыпбаев.
Әйелі Жігер Ауыпбаевты жақсы түсінеді екен. Өйткені, Жігер Ауыпбаевтың өмірлік серігі өзі де тыңдарманның сезімін бастан өткерген. Отбасы - демалатын, күш алатын жер деп ағынан жарылды өнер иесі. Анам мен келіншегім бір-бірімен құрбы сияқты дейді ол. Тіпті ортасына сыйлы болып жүргені әйелінің арқасында екен.
"Әйелім Андрей Губинге ме, біреуге ғашық болып, суреттерін жинап, соған қызығып жүріп, үйленді деген кезде тыңдамай кеткен. Сол сияқты ғой. "Сіздің де тыңдармандарыңызды олаймын, жаным ашиды" дейді. Басында бізді көрсеткен. Біраз жерге сұхбатқа шақырды. Бірақ ол өзі бармай қойды. Өнер менің күш-қуатымды арнайтын жер болса, отбасымда тынығамын. Ол шынайы жер. Сондықтан кірбің түсіргім келмейід", - дейді Жігер Ауыпбаев.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
