"Тобыл" босниялық "Зриньскимен" тең түсті
Конференциялар лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі матчта "Тобыл" босниялық "Зриньски" командасымен тең түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz. порталына сілтеме жасап.
Боснияда өткен алғашқы матчта "Зриньски" 1:0 есебімен жеңген болатын. Сондықтан қарымта ойында қостанайлықтарға тек жеңіс қажет болды.
Дегенмен, үзіліске дейін қонақтар алға шықты. 34-минутта Марио Чуже есеп ашқан. Ал екінші таймда қостанайлықтар есепті теңестіре алды - Серж Дебле қанжығасын майлады.
Ал матч соңына қарай қорғаныстағы қателіктен соң қақпашы Александр Мокин ойын тәртібін бұзуға мәжбүр болып, алаңнан қуылды.
Осылайша, "Тобыл" өз алаңында жеңе алмай, Конференциялар лигасымен қоштасты. Еурокубоктарда қазақстандық клубтар қалған жоқ. Бұған дейін "Астана" мен "Қайрат", ал бүгін "Қызыл-Жар" еурожорығын аяқтаған еді.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады