Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тобыл" Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Қостанайлық "Тобыл" "Ференцвароштан" 1:5 есебімен жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тобыл

Ойынның алғашқы минутында-ақ Токмак Нгуен Александр Мокиннің қақпасына шабуыл жасады. Ал үшінші минутта Адама Траоре есепті ашты. 17 минутта Траоре екінші голды соқты. Көп ұзамай 21 минутта Айсса Лайдуни "Тобыл" қақпасына үшінші гол соқты. 
23 минутта "Тобыл" ойыншылары есепті қысқартты. Айып алаңынан асырылған пастан кейін Игорь Сергеев гол соғып, есепті қысқартты. 

Ал екінші таймда "Ференцварош" ойыншылары айқын басымдық танытып, "Тобылға" көп мүмкіндік бермеді. Дегенмен 72 минутта Зоран Тошич гол соққанымен, төреші оффсайд тіркеп, гол есепке алынбады. 

74 минутта Фартуне Бассей төртінші гол соқты. Ал қосалқы минутта Бассей дубль авторы атанып, ойынға нүкте қойды. 
Осылайша екі ойынның қорытындысы бойынша "Тобыл" жеңіліп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өте алмады. Алдағы уақытта команда Конференция лигасында ойын өткізеді. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 14 Шілде, 2022 08:38
Талқылау