Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тобығым жарылып, қызыл асық тайып кеткен": Роза Әлқожа аяғын баса алмай қиналып жүргенін айтты

Танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығының сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі аяғын сындырып алған еді. Алайда сол сынықтың зардабы әлі күнге дейін сезілетін көрінеді. 

“Былтыр ақпан айының ортасында аяғымды қайырып алып ем ғой?! Сонда тобығым жарылып, қызыл асық тайып кеткен еді. Содан бері аяқкиім табу қиын. Өзгеріске ұшырағаны бар, ауа райына байланысты биік өкшемен жүре алмай қалатыным бар, біраз қиналдым. Соның шешімі табылды. Арнайы аяқкиім тігетін жерді тауып, қуанып қайттым. Енді қолдан тігілген етік киетін болдым. Ұлттық құндылығымызға ішіміздің жылып тұратыны жасырын емес”, – деді әнші. 



Айта кетейік, эстрада жұлдызы 40 күн гипске таңылып қалғанын жазған едік. 

“Үш апта бойы көтерсем де, төмен түсірсем де, қақсаған аяғым гипстың ішінде әбден қиналыпты. Алдыңғы күні травматологқа барып “жиырма күн болды ғой, шешіп көрейік” десем, “тобық теп-тегіс боп, ісіп, көгеріп тұр. Түк өзгеріс жоқ, кальций іштіңіз бе өзі?!” дейді дәрігер. Көңіл-күйім түсіп кетті. Тағы 40 күнге жаңа гипс салып берді. Ештеңеге зауқым болмай үйде жаттым”, – деген еді өнер иесі. 

Талқылау