Шымкенттегі қыз алып қашу төбелеспен басталып, құдалықпен бітті
Шымкенттің Сайрам ауданындағы қыз алып қашу төбелеске айналып, соңы құдалықпен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Қызды оның келісімінсіз ұрлағандықтан, туыстары күйеу жігіттің туыстарымен қарым-қатынасын анықтауға шешім қабылдады.
Полиция аталған оқиға бойынша тіпті қылмыстық іс қозғапты.
19 жастағы Ферузаның ұрлануы Сайрам ауданының Карамурт ауылында үлкен дүрбелең тудырды. Ата-анасы дереу туыстарын жинап, ұрланған сұлуды іздеуге аттанды. Қызы үшін алаңдаған ата-ана полицияға хабарласып, 6 ақпан күні белгісіз біреулер Ферузаны көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткендігін айтты.
«Ол менің әпкемді ұрлап кетті, мүмкін олар арыз жазбасын деп оған қысым көрсеткен шығар. Енді біз оны үйге алып кетеміз», - дейді ұрланған қыздың сіңілісіі
Бірақ ұрлаушылар кенеттен пайда болып, қызды үйлену үшін ұрлағандарын айтқан.
«Менің оларға ешқандай шағымым жоқ, ұлым мен оның қалыңдығы бір-бірін жақсы көреді. Мен олардың тек бақытты болғанын қалаймын», - күйеу жігіттің әкесі.
Бірақ күйеу жігіттің әкесінің сөздері қылмыстық процессті тоқтата алмады. Неке сарайының орнына жас жұбайларды полиция бөлімшесіне апарып, ол жерде құқық қорғау органдары қыз ұрлау туралы тергеу амалдарын жүргізді. Ерлі-зайыпты бола алмай қалған жастар түсіндірме хатын жазды, ал екі жақтың туыстары полиция бекетінің қақпасының алдында жиналды. Бұл іс ұрыс-керіспен аяқталар еді, алайда кенеттен қалыңдық пен күйеу үйге босатылды.
Туыстары келін мен күйеуді үйге алып кетеді. Бірақ мәселе мұнымен бітпеді. Сезімдер мен эмоциялар салқындаған кезде, жастардың әкелері келіссөздер үстеліне отырып, балаларын үйлендіруге бел буады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
