Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыс орнында бір-бірімен жұдырықтасқан лауазымды тұлғалар жұмыстан кетті

Ұжымдық этиканы бұзғаны үшін оқиға қатысушысы «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқармасының төраға орынбасары мен департамент басшысы лауазымынан босатылды, деп мәлімдеді Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.

photo_204995

«15 қаңтар күні болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп, жанжалдың «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқармасының төраға орынбасары мен департамент басшысы екеуінің арасында жеке мәселеге қатысты болғаны анықталды. Ұрыстың компания жұмысы мен лауазымға қатысы жоқ», – делінген хабарламада.

Ішкі қызметтік тергеу бойынша ұжымдық этиканың бұзылғаны айтылып, кеңес дректорының шешімімен екі шенеунік те қызметінен босатылды.

Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, 13 қаңтар күні желіде 15 желтоқсанда болған төбелестің видеосы жарияланып кетті. Видео «ҚазАгроҚаржы» АҚ бейнебақылау құралына түсірілген. Видеодан ер адамның екіншісін басынан жұдырықтап ұрып жатқаны байқалады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматылықтар тұрғын үйге кіре берістерін қанатты сөздермен көркемдеуде

Италиялық архиепископ: Біз бәріміз 10 жылдан соң мұсылман боламыз

BBC телеарнасы Шымкент туралы эпизод көрсетпек

Павлодарда ер адамды пойыз басып кетіп, денесін бөліп тастады

Жаңаөзенде сәбиінен айырылған жас ана көз жұмды

Талқылау