Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төбеден су кетіп, қабырғалары көгерген": Ақтөбеліктер облыстық балалар ауруханасының қазіргі жағдайына шағымданды

Ақтөбеліктер облыстық балалар ауруханасының қазіргі жағдайына шағымданды. Олар науқас балалар үшін ештеңе жасалмағанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: zhaloby_aktobe Instagram-парақшасы

Желіде Ақтөбе облыстық балалар ауруханасы пульмонология бөлімінің фотосы тарады. Желі қолданушылары ұсынған фотодан терезелердің тұтқасы жоқ екені және төбеден су кетіп, қабырғалары көгергенін көруге болады. Айтуларынша, мекеменің төбесінен су кетіп, 4-қабат суға толған.

“Өте ыстық, терезе ашылмайды, бөлмеде ауа жоқ, ылғал мен көгерген иіс бар. Санитарлар өз бөлмелерінде терезе аша алады, ал дәрігерлердің бөлмелерінде ауа салқындатқыш бар, біз болсақ, палатада тұншығып жатырмыз”, – деді тұрғын.

Фото: zhaloby_aktobe Instagram-парақшасы

Сондай-ақ олар дәрігерлердің салғырттығына шағымданды.

“Балаларды дұрыс қарамайды. Науқастарға салғырттық танытады. Келгеніне 4 күн болды, осы уақытта 1-ақ рет келді, болды. Шара қолдануларыңызды сұраймын”, – деп жазды ақтөбелік.

Stan.kz тілшісі жағдай бойынша Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының call-орталығына қоңырау шалып, баспасөз қызметімен байланыстыруын сұрады. Алайда баспасөз қызметі бұған сапа бақылауы бөлімі жауапты екенін айтты. Алайда сапа бақылауы бөлімі жағдайға жауап беруден бас тартып, баспасөз қызметіне сілтеді. 

Талқылау