Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда австралиялық баррамунди балығын өндіретін кешен ашылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматы облысында бюджеттен бөлінген 67 миллиард теңгеге балық өнеркәсіп кешені жұмысқа кіріскенін айтып, сүйіншіледі. Кешен жыл соңына дейін 100 тонна австралиялық баррамунди балығын өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қонаев түбінде орналасқан өнеркәсіп кешенінің жұмысын көріп қайтты.

“Ospanova Development” ЖШС директоры, балық өнеркәсіп кешенінің иесі Марат Бектемісовтің айтуынша, бұл жобаның ТМД елдерінде баламасы жоқ. 2024 жылдың соңына дейін компания 100 тоннадан астам баррамунди өсіруді жоспарлап отыр. Ал келешекте жылына 10 000 тонна өнім шығару жоспарда бар.

Жобаның жалпы бюджеті 67 миллиард теңге болса, оның 8,5 миллиард теңгесі игерілді. Кешен Қазақстанды жоғары сапалы балықпен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық нарықта да, ең бастысы ішкі нарықта да елдің позициясын нығайтады.

Баррамунди – австралиялық асхананың символы. Бұл балықта ұсақ сүйектер жоқ десек те болады. Ал оның еті ұзақ термиялық өңдеуден кейін де өз сөлін сақтап қалады.  

Талқылау