Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ТМД елдері өзара ұрланған көліктердің сатылуы туралы ақпараттармен бөлісетін болады

ТМД елдері көлік ұрлаумен, киберқылмыспен және желідегі алаяқтықпен күресті күшейтпек. Бұл мәселе бейнебайланыс режимінде өткен ТМД Ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша министрлер кеңесінің күн тәртібінде автокөлікті ұрлау мен интернет-алаяқтықпен күресу мәселелері қаралды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің бастығы Ерлан Тұрғымбаев ТМД елдерінің Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасында қамтылған ақпараттың өзара алмасуы олардың аумағында ұрланған автокөліктердің ұрлануы мен сатылуы туралы ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты.

“Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың шекарасы жоқ екенін және азаматтарға ауыр зиян келтіретінін айта отырып, кездесуге қатысушыларды ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалған қылмыстарды ашуда өзара әрекеттестікті күшейтуге шақырды. Осыған байланысты полиция бөлімдері арасындағы күш-жігерді шоғырландыру мен тәжірибе алмасу қажет”, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министр сондай -ақ іздестіру жұмыстары, заңсыз көші-қон, экстремизм мен терроризммен күрес, есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы белсенді ынтымақтастықты атап өтті және әріптестерін қазақстандық полицияны реформалау барысымен таныстырды.

Кездесу нәтижесінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша бірлескен шешімдер қабылданды.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 11 Қазан, 2021 20:04
Талқылау