Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тізесіне қарақұмық өскен: Өгей әкесінің баласына көрсеткен қорлығы әшкере болды

Ата-анасы баласы сабақтан тым кеш қайтқаны үшін жазалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

гречка

Ер адам баланы ұрып қана қоймай, оны тамақсыз қалдырған және өгей ұлының тізесіне қарақұмық жармасын қойған. Жас баланы бұлай азаптау жарты сағаттан тоғыз сағатқа дейін созылып отырған.

Бұл ретте баланың туған анасы өзінің ер азаматына кедергі жасамай, оның мұндай "тәрбиелеу" әдістерін дұрыс деп тапқан.    

Бала кезекті "тәрбиелеуден" кейін көршілеріне қашып барған. Өгей әкенің қорлығы сол кезде әшкере болған. Көршілері дереу полиция қызметкерлерін шақырған.

Қазір ер адам қамауда, ал баланың анасы — ешқайда кетпеу туралы қолхат жазды. Олар жеті жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Балаға ота жасалды. Хирургқа баланың тізесіне өскен тері мен қарақұмықты алып тастауға тура келді. Қазір баланың жарасы жазылып келе жатыр.

Талқылау