Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Тізең қайда?”: Мәдина Сәдуақасова фотошопты шамадан тыс қолданды деп айыпталды

Мәдина Сәдуақасова түсірілім алаңында жасалған жаңа жұмысын көрсетемін деп сынға қалды. Әнші жаңа фотосессиясын жариялап, фотошопты шамадан тыс қолданды деп айыпталды, деп жазады Stan.kz.

"Тізең қайда?": Мәдина Сәдуақасова фотошопты шамадан тыс қолданды деп айыпталды

Фотода Сәдуақасованың бір тізесі көрінбей қалған. Алайда мұны әншінің өзі байқамаған секілді.

“Төуф! Не деген стойка!” – десеңізші! Айтсам сенбейсіз, Осылай жай ғана тұра салған кадрды бір сағат түсірді ғой”, – деп мақтанған еді әнші.

Аңғарымпаз желі қолданушылары фотода кеткен олқылықты бірден байқады.

“Ойбу, тізеңіз қайда кеткен?”, “Бір аяғыңдағы тізеңдегі чашкаң қайда?”, “Ай Мадина-ай, мына суретіңмен абыройыңды айрандай төккенің не? Бір тізең жоқ, аяқ киімің де екі түрлі сияқты”, “Инстаға қояр алдында бәрі фотошоп жасайды”, – деп жазды желідегілер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Бейсенбі, 10 Қаңтар, 2019 10:53
Талқылау