AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыйым салынған жерлерде ата-ана қарауынсыз суға түскен балаларды енді полиция алып кетеді

Ересектердің қарауынсыз тыйым салынған жерлерде суға түскен балалар полицияға жеткізіледі. Бұл туралы қарағандылық құтқарушылар ескертті. Мамандардың айтуынша, биыл суға кеткендер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Маусым айының басында Қазақстанда суға батып кеткендер саны – 56 адам. Оның 20-сы кәмелетке толмағандар. Қарағанды ​​облысында жеті адам суға батып кетті. Күні кеше 12 және 13 жастағы екі қыз суға батып қайтыс болды, олар атасымен бірге су қоймасына барған. Бірақ аталары балық аулап жүргенде балалар суға құлап, батып кеткен.

Суға түсуге арналмаған жерлерде шомылу әкімшілік кодекспен тыйым салынады. Осы айдың басынан бері Қарағанды ​​облысында 30 адам жауапқа тартылды. Арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түскені үшін айыппұл 46 000 теңге, ал жағада алкогольдік ішімдік ішкені үшін 15 000 теңгені құрайды. Ата-анасыз жүрген балаларды тапқан жағдайда да жаза да қарастырылған.

"Оларды мән-жай анықталғанша полиция бөліміне апарады. Ата-аналар бөлімшеге барып, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Бірінші рет ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылса, ал қайталап тәртіпті бұзған жағдайда әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін”, – дейді Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Ерасыл Сайпаш.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр