«Титаникте» рөл сомдаған бала фильмге түскені үшін әлі күнге дейін ақша алады
Бұрын актер болған Рис Томпсон «Титаник» фильміне түскен үшін әлі күнге дейін ақша алып келеді. Ол бес жасында Джеймс Кэмеронның әлемге әйгілі фильмінде ирландиялық баланың рөлін сомдаған. Фильм желісі бойныша ұл бала анасы және әпкесімен бірге апатта қаза табады. Ол фильмде небары үш рет бой көрсетіп, бір ауыз сөз айтқан, деп хабарлайды TJ басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Томпсонның сөзінше, ол бес жасында «Титаник» фильміне түскені үшін 30 мың доллар алған. Оның отбасы фильмнен тапқан ақшаны инвестиция ретінде банкке салыпты.
Алайда Томпсон фильмге түскені үшін әлі күнге дейін ақша алып келеді. Фильм шыққаннан кейінгі алғашқы жылдары оған 1000 доллар берілген. Бірақ кейде аталған сома көлемі артып отырған.
Актерлер қызметінің шарты бойынша, оларға фильмнің DVD, телевидение және жаңа медиада жарияланғаны үшін белгілі бір көлемде ақша беріледі. Оның нақты сомасы актердің келісім шарты мен фильмнің табыстылығына байланысты.
Қазіргі уақытта Томпсон жыл сайын 200-ден 300 долларға дейін ақша алып тұрады.
Бүгінде 25 жастағы Томпсон АҚШ-тың Юта штатындағы Brian Head Resort компаниясында digital-маркетинг саласы бойынша директор қызметін атқарады.
Оқи отырыңыз:
Жұлдыз Әбдікәрімова “Бәйтерек” ішінде үкілі орамал және халатпен түскен суретін жариялады (фото)
Дәурен Айдарқұлов Ақбота Сейітмағамбет екеуінің арасындағы қатынастың нүктесін қойды
Тойдан шықпайтын Жанболат пен Жазира алғаш рет демалысқа аттанды
Фархад Абдраимовтың жаңа фильмінде кейіпкердің пәктігі сатылымға шығарылды