Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тіс жұлу мен пломба тегін: Медициналық сақтандырудың қандай артықшылықтары бар

Қазақстандықтар жеке емханада тісін тегін емдете алады. Жаңа жылдан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын бастады. Жүйе талабы бойынша, әлеуеті әлсіз жандар, балалар мен жүкті әйелдер тіс дәрігеріне жұмсайтын ақшасын үнемдейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

тіс дәрігері

"Стоматологиялық қызметтер бойынша, пломба немесе тісті жұлуға міндетті медициналық сақтандыру жүйесі тарапынан қызмет көрсетіледі. Балалар мен жүкті әйелдердің кез келген уақытта аталмыш қызметті алу мүмкіндігі бар", - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

МРТ және компьютерлік томография да тегін көрсетілмек. Ол жұмыс істейтін қазақстандықтарға ғана қолжетімді болмақ. Себебі, оларға жұмыс беруші ай сайын жарна аударып отыр. Ал халықтың басым бөлігін, яғни 11 миллиондай адамды мемлекет сақтандырады.

Оған балалар, аяғы ауыр әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектер кіреді. «Өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандар» міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне жарна төлеген жағдайда ғана тегін қызмет алады. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 2 мыңнан астам аурухана сақтандыру негізінде емдеуге қауқарлы. Оның жартысынан көбі – жекеменшік.

Талқылау