Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда тіс емханасында көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Қарағандыдағы тіс емханасында көз жұмған Жансая Омарованың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Облыстық полиция департаментінің тергеушілері баланың қазасына дәрігер кінәлі емес деп тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2016 жылы болған. Тісін емдетуге келген 13 жастағы Жансая Омароваға анестезиолог екпе екеннен кейін жеткіншек қайтып оянбаған. Екі бірдей жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетсе де, Жансаяны аман алып қала алмаған. Осыдан кейін емхана қызметкеріне ҚК-тың 317-бабы, яғни "Дәрігерлердің кәсіптік міндетін тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот сараптамасы тағайындалған. 

STAN.KZ
Сенбі, 16 Мамыр, 2020 15:29
Талқылау