Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тіс ауруына шағымданған": Нұр-Сұлтанда әскери борышын өтеп жүрген азаматтың өліміне қатысты тың деректер белгілі болды

Бір ай бұрын ғана әскер қатарына шақырылған 18 жастағы сарбаз астаналық госпитальда көз жұмды. Туыстары сарбаз көз жұмғанға дейін тіс ауруына шағымданғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі күтпеген өлімнің мән-жайын анықтап жатыр.

ҚР қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жас жігіт ауруханаға түскеннен кейін үш күннен кейін сепсис пен инфекциялық шоктан қайтыс болды. Дәрігерлер жақ сүйегінің қабынуы деген диагноз қойды.

Аурухана жағдайды түсіндіруден бас тартты, бірақ қорғаныс министрлігі дәрігерлер қолдарынан келгеннің бәрін жасады деп сендіреді.

Соңғы күндері туыстарының айтуынша, жас жігіт тісінің ауруына шағымданған.

"Ол ауруханада үш күн жатты. Бәрі тістің ауыруынан басталды. Шамасы, тісінен шыққан ірің басына өтіп, жүрегі шыдай алмады. Мүмкін, қан арқылы ауру жұққан шығар. Кеше баламның денесін үйге алып келдім", - деді марқұмның әкесі Халмат Сариев.

Жас жігіт Түркістан облысынан әскерге шақырылып, Нұр-Сұлтан қаласында қызмет еткен.

Талқылау