Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тірлікке жарамайды бәйге аты": Роза Әлқожа өзі үшін алаңдаған жұртқа әнмен алғыс айтты (видео)

Роза Әлқожа өзінің денсаулығына алаңдаған жұртқа әнмен алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осыдан біраз бұрын ауруханаға түсіп, тыңдармандарды алаңдатқан Роза Әлқожа оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді. Денсаулығына мән беретін уақыт болмағандықтан әнші емделмей жүріп, бір күні ауруханадан бірақ шықтым дейді. Шаршағаны, суық тигені, ұйқысы қанбағаны бәрі жиналып, әншіге қатты әсер еткен сыңайлы. Өнер деп жүріп, қатты ауырып қалғанын айтып берді ол. Ән сапарда жүріп, қызуы түспей қойған Роза Әлқожа жедел жәрдеммен ауруханаға баруға мәжбүр болған көрінеді.

"Қазақ деген қан түкіргенше жүре беретін сабырлы елміз ғой. Қапшағайда балалармен демалып, Жетісайдың ыстығына жеткенде кенеттен жөтел пайда болған. Қазақша емделіп Алматыға ұшып келдік. Одан тағы ұйықтамай Қарағандыға жеткенбіз. Бірақ осы төркініме жеткенде ағзам қарсыласып, қайта алмай ауруханадан бір-ақ шықтым. Жедел жәрдемде кетіп бара жатып құрбым қыдыртып келе жатырмын деп қалжыңдап суретке түсіріп отырған. Бір күнде екі рет шақырған соң олар үйде қалдырмайды екен. Оның үстіне қызуым түспей қойған соң да алаңдады. Жалпы қашаннан жиналып қалған суық пен үш күн қатарынан жол жүру, ұйықтамау бәрі қосылған екен", - Роза Әлқожа. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қайырлы таң! Тәңір таңдағы тілектеріңізді қабыл етсін! Осы шілде айы қарбаласпен басталған. Таңғы сұхбат, Әбді-жаппардың кеші, "Ән мен әнші" дегендей қалуға болмайтын керемет кештер өтті. Одан туыстардың тойы деп шапқыладық. Қазақ деген қан түкіргенше жүре беретін сабырлы елміз ғой. Қапшағайда балалармен демалып, Жетісайдың ыстығына жеткенде кенеттен жөтел пайда болған. Қазақша емделіп Алматыға ұшып келдік. Одан тағы ұйықтамай Қарағандыға жеткенбіз. Бірақ осы төркініме жеткенде ағзам қарсыласып, қайта алмай ауруханадан бір-ақ шықтым. Жедел жәрдемде кетіп бара жатып құрбым қыдыртып келе жатырмын деп қалжыңдап суретке түсіріп отырған. Бір күнде екі рет шақырған соң олар үйде қалдырмайды екен. Оның үстіне қызуым түспей қойған соң да алаңдады. Жалпы қашаннан жиналып қалған суық пен үш күн қатарынан жол жүру, ұйықтамау бәрі қосылған екен. Жүрекке жүк түспесін. Алаңдаған баршаңызға бас иіп рахмет айтқым келеді. Салайын деген жоқпын, арбаға отырғызып алып бара жатқан соң қайбір ес бар, жанашыр жұрттан жәрдем күткен шығармын?! Сәл тәуір болған соң дәрігер, медбикелер келіп суретке түсейік деген. Соның әсерімен салдық осында. Бүгін тәуірмін. Жақсы екенімнен де хабардар етейін. Аман, сау болыңыздар! Жүректеріңізден айналдым!

Публикация от Роза Әлқожа (@roza_alqozha)

Осылайша әнші ауырғанымды ешкімге айтқым келмеген, бірақ медбикелердің өтінішімен осылай жасадым дейді. Қазіргі уақытта денсаулығы жөнделіп, бәрі жақсы екенін айтты өнер иесі. Ол халыққа әнмен алғыс айтып, арнайы бейнежазбасын желіге жүктеген.

"Жүрекке жүк түспесін. Алаңдаған баршаңызға бас иіп рахмет айтқым келеді. Салайын деген жоқпын, арбаға отырғызып алып бара жатқан соң қайбір ес бар, жанашыр жұрттан жәрдем күткен шығармын?! Сәл тәуір болған соң дәрігер, медбикелер келіп суретке түсейік деген. Соның әсерімен салдық осында. Бүгін тәуірмін. Жақсы екенімнен де хабардар етейін. Аман, сау болыңыздар!" - Роза Әлқожа. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Шілде, 2019 11:11
Талқылау